24.07.2008, 10:45 1730

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі үш жылға шартты сотталды

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі үш жылға шартты сотталды

Шымкент. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте кеше қаланың бұрынғы әкімі Өмірзақ Иметке Сайрам ауданының әкімі болып тұрған кезде қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін үкім шығарылып, ол үш жылға шартты сотталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ил-Фараби аудандық сотында судья Шара Бейсенбиева түрлі жылдары "Оңтүстік" ЕЭА директоры, Шымкент әкімі, Сайрам ауданының әкімі, Түркістан әкімі болған Ө.Иметке шығарылған үкімді жария етті.

Ө.Иметке қарсы қылмыстық іс өткен күзде қозғалған. Оған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырған кезде, тендерлер кезінде қызметтік құзыретін асыра пайдаланған деген айып тағылды.

"Сот сатталушы Ө.Иметтің іс-әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабының 3-тармағын бұзу оқиғасын анықтап, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-ші бабын басшылыққа ала отырып, Ө.Иметті үш жылға шартты түрде абс бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол ешқайда кетпеуге тиіс және осы мерзімде заңға бағынуға тиіс", - деді судья Ш. Бейсенбиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны