23.09.2016, 13:11 4436

Шымкент қаласыныӊ еӊ жас және еӊ қария тұрғын марапатталды

Ғабидолла Ибдірахымов Шымкент қаласыныӊ еӊ қарт тұрғыны 107 жастағы Назым Мәмбетәлініӊ шаӊырағына бас сұғып, ардақты әжені Қала күні мерекесімен құттықтады.

Шымкент. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов "Нұрсәт" тұрғын үй кешеніндегі №4 облыстық перинаталдық орталығына барып, шаһардыӊ еӊ жас тұрғыны мен оныӊ ата-анасын құттықтап, туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today .

Жас тұрғынныӊ аты-жөні - ЕрбатырХансеитұлы. Оныӊ анасы - Қазығұрт шағын ауданы, Біржан сал көшесініӊ тұрғыны Ақбота Асанова. Осымен жетінші сәбиін дүниеге әкелген батыр анаға гүл сыйлаған шаһар басшысы Ербатырға "Болашақта ел сыйлайтын азамат болсын! Министр, әкім болсын!" деген тілегін айтты. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанып тұрған сәбидіӊ ата-анасына балаларға арналған қоларба мен өзге де сыйлықтарды тарту етті.

Икімніӊ қошеметіне ризалық танытқан Ақбота Асанова "Аллаға шүкір, Ербатырымныӊ денсаулығы жақсы. Осындағы дәрігерлерге рахмет. Бес қыз, бірұлым бар еді. Екінші ұлымды дүниеге әкеліп, отағасы екеуміз қуанып отырмын. Сәбиімніӊ салмағы 3 келі 800 грамм, бойы 56 сантиметр. Өмір жасы ұзақ болсын. Қазақтыӊ келіндеріне ана бақытын тілеймін" деді.

Мұнан кейін Ғабидолла Ибдірахымов Шымкент қаласыныӊ еӊ қарт тұрғыны 107 жастағы Назым Мәмбетәлініӊ шаӊырағына бас сұғып, ардақты әжені Қала күні мерекесімен құттықтады. Он бала тапқан батыр анаға қала күніне арналған концертке шақыру мен теледидарды тапсырды.

Назым әже 1909 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Тыл ардагері. Соғыстан кейін де колхозда қызмет атқарып, еӊбегімен танылған. Он баладан 31 немере, 19 шөбере сүйген. Қазір "Қайтпас -1" шағынауданы, Жасылжелек көшесінде марқұм ұлыныӊ шаӊырағында тұрады.

Құшағы гүлге, жүзі мейірімге толған ардақты Назым әже шаһар басшысы мен тұрғындарына ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны