18.01.2007, 13:29 3036

Шымкент қаласының көптеген өзбек мектептерінің түлектері Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқысы келмейді

ШЫМКЕНТ. 18 қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкенттегі көптеген өзбек мектептерінің түлектері Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға ықтияр емес. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық білім бөлімі оқу бөлімінің бастығы Кенжегүл Сағындықова мәлімдеді.

К. Сағындықованың айтуынша, ОҚО ұлттық мектеп оқушылары арасында олардың Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға қатысты ниеттерін білу үшін сауалнама жүргізілген. Сауалнама жүргізуге ұйғыр қоғамдастығының ұйғыр мектептері түлектерінің тестілеуге қатысуға мүмкіндіктері жоқтығы туралы білім және ғылым министрлігіне жазған үндеуі түрткі болған.

Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, Шымкентте сабақ өзбек тілінде жүргізілетін 14 мектеп бар, оның екеуі -толық өзбек мектебі болса, қалғаны- аралас. "Жалпы биіл бізде өзбек тілінде оқып жатқан 627 түлек бітіріп шығады", дейді К.Сағындықова.

Оқу бөлімі бастығының айтуынша, сауалнамаға 623 түлек қатысқан. 81 оқушы немесе оқушылардың жалпы санынан 13% тестіге қатысуға ниет білдірген. "Олардың 43 қазақ тілінде тестіге қатысуға ниет білдірсе, 38 -орыс тілінде",-дейді К.Сағындықова. Ал 542 түлек " Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқыңыз келе ме?" деген сауалға "жоқ" деп жауап берген.

Айта кетейік, Қазақстанның ұлттық мектептерінің түлектері жалпы негізде Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатыспайды. Олар әуелі емтихан тапсыруы тиіс, содан кейін қазақстандық жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдіргендер кешенді тестілеуге қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны