27.07.2018, 15:12 2075

Шымкент қаласыныӊ тұрғындарына "17" сандық автокөлік құралдарын рәсімдеу нөмірлі белгілер шығарылатын болады

"17" сандық белгілік нөмірдіӊ алғашқы иелерініӊ бірі Шымкент қаласыныӊ тұрғыны Илия Оӊалбек болды. Бүгін ол өзініӊ автокөлігін мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеді.

Шымкент. 27 шілде. Kazakhstan Today - "17" сандық белгілік нөмірдіӊ алғашқы иелерініӊ бірі Шымкент қаласыныӊ тұрғыны Илия Оӊалбек болды. Бүгін ол өзініӊ автокөлігін мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеді.

Баршаӊызға белгілі, жақында Шымкент республикалық маӊызы бар қаланыӊ мәртебесін алды, ал Түркістан облыстық орталыққа айналды.

Осыған байланысты автокөлік құралдарын рәсімдеу кезінде өзгерістер жасалды. Енді Шымкент қаласыныӊ тұрғындарына"17" сандық нөмірлі белгілер шығарылатын болады. Ал, Түркістан облысында автокөлік жүргізушілері үшін "13" сандық нөмірі өзгеріссіз қалады. Айта кетейік, "Автокөлік құралдарын тіркеу" мемлекеттік қызметтердіӊ стандартына сәйкес, Шымкентті қоса алғанда, басқа аймақтарда да өзгеріс болмайды.

Түркістан облысыныӊ тұрғындарыныӊ сөзіне қарағанда, Шымкенттіӊ 8 ХҚО-ғын есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияныӊ 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді. Солардыӊ бірі - автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру мемелкеттік қызмет түрлерін көрсететін мамандырылған ХҚО. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында қажеттілігіне қарай, жүргізуші куәлігін алу үшін нарколог, психиатр анықтамаларын алып, медициналық тексеруден өте алады. Одан бөлек, автожүргізушілер көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚО секторы арқылы тіркеуге болады.

Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО арқылы жыл басынан бері 25 мыӊнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 130 мыӊнан астам автокөлік тіркелген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны