27.09.2006, 15:30 6316

Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалып, облыстық әкімшілікте ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қала атқамінерлері жаңа әкіммен бүгін танысты. "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС-нің бұрынғы президенті Анарбек Орман қаланың жаңа әкімі боып тағайындалды. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бері Шымкет қаласының әкімі болған Өмірзақ Иметұлының қызметтен кету себептері нақты айтылған жоқ, бірақ, облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев жуырда қаланы аралаған кезде облыс орталығының қысқа дайындығы мен қала құрылысына көңілі толмайтынын білдірген болатын.

Сонымен бірге облыс әкімшілігінің басшылығында да өзгерістер болды. Облыс әкімінің орынбасары болып бұған дейін Түлкібас ауданының әкімі болған Дархан Мыңбай мен бүгінге дейін еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған Тамара Дүйсенова тағайындалды.

Облыс әкімінің бұйрығымен экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Роза Назарбекова басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметінен босатылды. Оның орнына Астанада осындай департаментті басқарған Аманбай Жолдымұрат тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны