08.07.2018, 23:22 3657

Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерініӊ басшылары тағайындалды

Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерініӊ жеке құрамына жаӊа басшыларын таныстырды.

Шымкент. 8 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерініӊ басшылары тағайындалды.

Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерініӊ жеке құрамына жаӊа басшыларын таныстырды.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаметініӊ бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды.

А. Досмағамбетов РФ Свердлов заӊ институтын тәмамдаған. Бұрын Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментініӊ бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментініӊ бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасыныӊ бастығы.лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды.

Т.Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.

Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттердіӊ жаӊа бастықтарына жемісті еӊбек тіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны