08.07.2018, 23:28 3981

Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерініӊ басшылары тағайындалды

Министрдіӊ бұйрығымен Түркістан облысыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығыныӊ міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды.

Түркістан. 8 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерініӊ басшылары тағайындалды.

Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерініӊ жаӊа басшыларын жеке құрамға Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ бұйрығымен Шымкент қаласыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментініӊ бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.

Н.Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Бұрын Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментініӊ бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен қатар Министрдіӊ бұйрығымен Түркістан облысыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығыныӊ міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды.

Н. Жүнісов Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін тәмамдаған. Бұрын Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығыныӊ орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердіӊ жаӊа бастықтарына жемісті еӊбек тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны