30.10.2018, 14:58 5852

Шымкент қаласыныӊ Жастар ресурстық орталығында "QDigitalInform" семинары өтті

Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында жастардыӊ, мемлекеттік қызметкерлер мен қызығушылық білдірген тұлғалардыӊ қатысуымен өтті.

Шымкент. 30 қазан. Kazakhstan Today - 24-25 қазанда Шымкент қаласыныӊ Жастар ресурстық орталығында "QDigitalInform" семинары өтті.

Шараны "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорыныӊ қолдауымен Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырды.

Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында жастардыӊ, мемлекеттік қызметкерлер мен қызығушылық білдірген тұлғалардыӊ қатысуымен өтті.

Отандастарымыздыӊ кибер кеӊістікте қандай бағытта және қандай екпінмен орын алатыны туралы Шымкент қаласы бойынша ақпараттық-технологиялық орталығыныӊ Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасыныӊ маманы Ерқұлан Бармағанбетов баяндап берді. Блокчейн технологиясын криптовалюта айналымында ғана қолданбай, сонымен қатар мемлекеттік басқару мен бизнес саласында пайдалану әдістері туралы жүйелік-техникалық қызмет көрсету басқармасыныӊ бас инженері Маржан Сәбден айта кетті.

"Қазақстанныӊ барлық заманауи ұйымдарында ақпаратты басқарудағы, алмастыру мен сақтаудағы маӊызды рөлді электронды құжат айналымы жүйесі атқарады. Барлық деӊгейдегі мемлекеттік басқарудыӊ жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маӊызды фактор болып табылады. Бірінші кезекте бұл ақпарат жастарға, сонымен қатар салалық мамандар мен мемлекеттік қызметкерлерге маӊызды екенін аӊғару қажет", - деді Маржан Сәбден.

"Осындай семинарлар Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларында өтті. Сонымен қатар, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларыныӊ тұрғындарына ұйымдастыру жоспарымыз бар", - деп ұйымдастырушылар ойымен бөлісті.

Анықтама үшін:

"QDigitalInform"?қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын дәріптеу бойыншаерекше жоба.Жобаныӊ жүзеге асыру мерзімі: 2018 жылдыӊ қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздіӊ 7 өӊірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарыныӊ студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардыӊ өкілдері) қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны