15.05.2007, 17:27 3029

Шымкент көшелеріне құрма пальмалары отырғызыла бастады

ШЫМКЕНТ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Шымкент қаласын көркейту қызметінің қызметкерелері қала көшелеріне құрма пальмаларын отырғыза бастады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне агроном-селекционер Гүлнәр Сапарынбет хабарлады.

"Біз әзірге оншақты осындай құлпырған өсімдікті жаңа "Нұрсат" ықшамауданына отырғыздық",- деді Гүлнәр Сапарынбет. "Біз Ташкентте екпе ағаштарына тапсырыс береміз, егер менің еркіме салса оларды неғұрлым көп отырғызар едім",- деп қосты агроном.

Гүлнәр Сапарынбеттің айтуынша, құрма пальмаларын еліміздегі күн райы ахуалында да отырғызуға болады, тек алғашқы екі жылда қысқы кезеңдерде оларды жақсы күтіп-баптау қажет. "Мәселе солтүстік немесе оңтүстік екендігінде емес. Оларды барлық жерде отырғызуға болады. Тек қыста күтімді аса қажет етеді. Оларды қыста қайталап отырғызу керек немесе саркофаг жасау керек",- деп түсіндірді Гүлнәр Сапарынбет. Ол әлгіндей ағаштардың "Ташкентте баяғыдан бері өсіп жатқандығын" айтып өтті.

Гүлнәр Сапарынбеттің ақпараттарына сүйенсек, қаланы көгалдандырумен айналысатын "LTD Тұрмыс" ЖШС әкімшілік ғимаратының алдына да бірнеше Бербер пальмасын отырғызуды жоспарлап отыр. "Бұл өте әсем өсімдік. Біз мұндай пальмаларға Арабияға тапсырыс бердік, бір-екі аптадан кейін барлығы дайын болады деген ойдамын",- деді маман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны