08.06.2012, 16:52 3378

Шымкент маңында күші 4 балдық қуатпен жер сілкінді

Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері бүгін, 8 маусым қаланың солтүстігінде, Астана уақытымен 12 сағат 46 минутта тіркелді.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта күші 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.

Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері бүгін, 8 маусым қаланың солтүстігінде, Астана уақытымен 12 сағат 46 минутта тіркелді.

Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 42.53 градусында, шығыс бойлықтың 69.49 градусында анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны