04.07.2006, 16:21 2939

Шымкент пен Алматыда жанармайдың бағасы орта есеппен 7 теңгеге өсті

ШЫМКЕНТ-Алматы. 4-шілде. Kazakhstan Today. Шымкент пен Алматыда соңғы аптада жанармайдың бағасы орта есеппен 7 теңгеге өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Шымкентте АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 59-60 теңгеден 66 теңгеге дейін өсті. Ал Алматыда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 60-тан 65 теңгеге дейін, АИ-93 маркалы жанармайдың бағасы 62-ден 66 теңгеге дейін, АИ-96 маркалы жанармайдың бағасы 69-дан 73 теңгеге дейін өсті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жанармай тарату бекеттері қауымдастығының мүшелері бұл қымбаттауды жанармай тапшылығымен түсіндіреді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жанармай тарату бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, Шымкент мұнай өңдеу зауытында жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты АИ-92 маркалы жанармайды шығару уақытша тоқтатылды. “Кейбір жанармай тарату бекеттерінде тіпті АИ-92 маркалы жанармай таусылып қалған”,- дейді ол.

“Жанармай тарату бекеттерінің қожайындары арасындағы түсініктеме жұмыстарына қарамастан, баға көтеріле түсуде”,- деді Қ.Қамбаров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны