05.07.2012, 16:29 3088

Шымкент пен Түркістан арасына жаңа электричка қатынайтын болады

Жаңа дизелді "Түркістан" рельстік құрамы Шымкент пен Түркістан қалаларын байланыстырды. Пойыз қызмет көрсету, қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына сай, ерекше жайлылығымен ерекшеленеді.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Шымкент пен Түркістан арасына жаңа электричка қатынайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа дизелді "Түркістан" рельстік құрамы Шымкент пен Түркістан қалаларын байланыстырды. Пойыз қызмет көрсету, қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына сай, ерекше жайлылығымен ерекшеленеді.

Пойыз кестесі тұрғындар мен жолаушылардың ұсыныстары бойынша жасалған. Жаңа құрам Түркістаннан таңғы 6.20-да шығып, Шымкент шаһарына 9.53-те келеді. Қайтадан Шымкент стансасынан 17.40-та жолға аттанып, Түркістанға кешкі 21.39-да келіп жетеді. Жол жүру уақыты Түркістаннан Шымкентке қарай 3 сағат 33 минут, ал кері бағытта 3 сағат 59 минутты құрайды.

Аталған жылжымалы құрам ең соңғы үлгідегі технология бойынша дайындалып, вагондардың ішінде ауа суытқыш, дауыс зорайтқыш байланыс, ақпараттық табло бар, терезелері күңгірттелген. Сонымен қатар вагондар био-дәретханалармен, вакуумдық жүйелік тазартумен жабдықталған "Түркістан" қала маңы пойызы 19 станса, разъезд бен басып озу пункттеріне тоқтайды. Бұл халық аз қоныстанған елді мекендердің тұрғындары үшін өте қолайлы. Себебі бұл жол телімдерінде қатынайтын өзге жолаушы пойыздары тек үлкен стансаларға ғана тоқтайды. Бағыттағы билет құны - 277 теңге. Билет сату кассалары жоқ басып озу пункттерінен мінетін жолаушыларға пойыз вагондарында кассалық бақылау машиналары арқылы билет беріледі.

Пойыз 192 орындық 2 вагоннан тұрады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орындар бекітілген. Мүгедектер арбасы бөгетсіз қозғалу үшін вагон мен дәретхана есіктері кеңейтілген, ал олардың мініп-шығулары үшін арнайы көтергіштері бар. Ал құрамдағы видеобақылау есік ашып-жабылған кезде жолаушылардың жарақат алуын болдырмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны