22.08.2018, 20:26 4933

Шымкент полицейлері автокөлік ұрыларын ұстады

Қазіргі таӊда аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар тәркіленді. Күдікті тұлғалар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Шымкент. 22 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 14 тамызында Шымкент қалалық ІІД Ил-Фараби ПБ-не Шымкент қ. көшелерініӊ бірінде тұрған автокөлігіне ұрылар түскені бойынша жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Оқиға орнына келген полицейлер автокөлік жуу орныныӊ жанында тұрақтанған көліктіӊ сол жақ артқы кіші терезесін белгісіз тұлғалар сындырып, ішінде болған екі ұялы телефон, қол сағаты мен әмиян ұрланғанын анықтады. Аталған жайт ҚР ҚК-ніӊ "ұрлық" бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі шамамен 400 мыӊнан астам теӊгені құрады.

Ил-Фараби ПБ-ніӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретіндеТүркістан облысы Ордабасы ауданыныӊ екі тұрғынынұстады. Полицейлердіӊ анықтауынша, күдіктілер түнгі уақыттарда автокөліктердіӊ терезелерін сындыру арқылы ұрлыққа түскен.Күдіктілер ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Тергеу барысында күдіктілердіӊ Шымкент қ. жасалынған басқа да осыған ұқсас 9 қылмыстық іске қатысы бары анықталып, дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығыны шамамен 1 000 000 астам теӊгені құрап отыр.

Қазіргі таӊда аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар тәркіленді. Күдікті тұлғалар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Шымкент қалалық ІІД полицейлері автокөлік иелеріне мұқият болып, автокөліктерін күзетілмейтін және нашар жарықтандырылған тұрақтарда қараусыз қалдырмауға кеӊес береді. Автокөлік салонында ақша, телефон, құжат және басқа да бағалы заттарды ұмытпау керек. Автокөлігіӊізге дабыл жүйесін орнатып, күзетілетін автотұраққа қалдырыӊыз.

Егер де, Сіз, осындай қылмыстыӊ құрбаны немесе куәгері болсаӊыз, тез арада полицияға "102" сымтетігіне хабар беріӊіз.

Шымкент қалалық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны