22.04.2008, 17:22 5381

Шымкент саябақтарындағы учаскелер әкімдіктің бетімен жібергендігінің арқасында жеке меншікке өтіп кеткен - ОҚО прокуратурасы

Шымкент саябақтарындағы учаскелер әкімдіктің бетімен жібергендігінің арқасында жеке меншікке өтіп кеткен - ОҚО прокуратурасы

Шымкент. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қалалық әкімдік тарапынан жер учаскелерін беру туралы заң талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан Шымкент қаласының саябақтар аумағына әртүрлі нысандар салынған. Бұл туралы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында жасаған баяндамасында облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметін қадағалау басқармасының бастығы Қанат Мамаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Баяндамада жергілікті атқарушы органдардың әкімдері мен лауазымды тұлғалардың тарапынан заңнаманың өрескел бұзылуы нәтижесінде Шымкенттің саябақтары мен өзге де қоғамдық пайдаланудағы жерлеріне әртүрлі заңсыз нысандар салынған.

"Бұрынғы әкімдер Болат Жылқышиев пен Ғалым Жұмжаевтың селқостығының кесірінен Абай атындағы саябақта жаңа нысандар салу үшін 35 жер телімі таратылған. Бұл ретте әкімдіктің бір де бір қаулысында заң талап еткендей ұсынылған жер телімінде тек жеңілдетілген түрдегі құрылыс салу және іргелі құрылысқа тыйым салу туралы талап болмаған", - деп көрсетілген баяндамада.

Қ. Мамаев мынадай мысалдар келтірді. Шымкент әкімдігінің 2002 жылдың 2 тамызындағы Б. Жылқышиев қол қойған №1235 қаулысымен "Шым-Нұр" ЖШС-не спорт кешенін салуға 0,9923 гектар жер учаскесі берілген.

Икімдіктің 2003 жылдың 2 ақпанындағы Ғ. Жұмжаев қол қойған №168 қаулысымен "Сигма-Brau" ЖШС мейманхана салуға 0,6 гектар жер учаскесі берілген. Икімдіктің 2005 жылдың 2 маусымындағы тағы бір қаулысымен аталмыш ЖШС-ке мейманхананың бір бөлігін жөндеуден өткізуге рұқсат берілген.

Ғ. Жұмжаев қол қойған 2003 жылдың 7 қаңтарындағы №15 қаулы бойынша Б. Қозыбақоваға Абай атындағы саябақтың қақ ортасынан объектілер салу және автотұрақ ұйымдастыру үшін 5 гектар жер берілген.

"Яғни бұрынғы қала әкімдері мен өзге де уәкілетті шенеуніктер саябақтарда салынуға тиісті емес нысандарды салуға рұқсат берген. Бұл адамдар заң талаптарымен және нормаларымен таныс болмады деу қателік болар еді", - деп көрсетілген баяндамада.

Прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, Б. Жылқышиев Абай атындағы саябақ аумағында жер беру туралы 4 шешім шығарған, Қылышбек Ізбасханов - 1, қалғанына Ғ. Жұмжаев қол қойған.

Шымкенттің алты саябағының жері барлығы 112 жеке және заңды тұлғаларға жеке меншікке және уақытша пайдалануға берілген. 2008 жылдың басына қарай жергілікті атқару және құзырлы органдар жіберілген қателіктерді жою мақсатымен саябақ жерін қайтару туралы 35 шағым түсірген. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті нысандарды бұзу туралы 3 шағым түсірсе, екі гектар аумақты қамтыған 4 жер учаскесін иелері өз еріктерімен қайтарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны