01.12.2016, 12:10 3951

Шымкент таза қалалардыӊ рейтингінде төртінші орынға ие болды

Сауалнама нәтижесі негізінде Шымкент үздік 10 таза қалалар тізімінде 13.5 балл бағамен төртінші орынға ие болды, деп хабарлады қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі. Сонымен бірге, коммуналдық қызметтердіӊ сапасы жағынан Астанадан кейін екінші орынға тұрақтады.

Шымкент. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық "OLX" қызметі қалалар арасында "Идеалды қалалар" атты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бағалау тәртібі бойынша қоршаған орта тазалығы, коммуналдық қызметтер жұмысын және көше тазалығын негізге ала отырып, 1-ден 7 дейінгі көрсеткіш бойынша үздіктерді анықтады.

Сауалнама нәтижесі негізінде Шымкент үздік 10 таза қалалар тізімінде 13.5 балл бағамен төртінші орынға ие болды, деп хабарлады қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, коммуналдық қызметтердіӊ сапасы жағынан Астанадан кейін екінші орынға тұрақтады. Аталған интернет басылымы Шымқаланыӊ жанға жайлы ауа райы, халықтыӊ демалысына қолайлы саябақтар мен бақтар бар екендігін тілге тиек етті. Айта кету керек, Шымкент - Қазақстандағы еӊ iрi үш қаланыӊ бiрi.

"Қазақстанда екi мегаполис - Астана мен Алматыны дамыту жоспарланған. Бұл екi қаламен қоса, Шымкент те мегаполистер қатарына қосылуы мүмкiн",-деген сөзді осыдан бiраз жыл бұрын Оӊтүстiкке келген сапарларыныӊ бiрiнде ҚР Президентi Н.Назарбаев айтқан болатын. Содан берi Шымкент үшiншi қала мәртебесiне қарай бой түзеп келедi.

Рас, соӊғы жылдары қаланыӊ ажарын аша түсетiн көптеген архитектуралық нысандар, тарихи-танымдық кешендер, заманауи ғимараттар бой көтердi. Зәулiм сарайлар, әсем гүлзарлар, демалыс орындары, әлеуметтiк нысандар, тiптi, тұтас жаӊа шағынаудандар салынып, көпқабатты үйлер халық игiлiгiне берiлдi.

Мемлекет басшысы Шымкентті еліміздіӊ үшінші қаласы болады деп көрсеткеннен кейін, жан-жаққа тамырлап бара жатқан қаланыӊ аумағы 40 мыӊ гектардан 117 мыӊ гектарға дейін ұлғайып, солтүстік-шығыс бөлігінен 1600 гектар аумақта жаӊа әкімшілік-іскерлік орталығы құрылысы басталды. Сайрам, Төлеби және Ордабасы аудандарынан қосылған бірқатар елді мекендер қалаға кіргеннен кейін жаӊа аудан құру қажеттілігі туындады. Нәтижесінде, қалаға төртінші аудан қосылып, Қаратау ауданы құрылды.

Қазіргі таӊда, қала аумағында халықаралық аэропорт, теміржол вокзалы және бірнеше автовокзал тұрғындарға жоғары сапада қызмет көрсетуде. Шымкенттіӊ автомобиль жолдары ел аумағында ұзақтығымен ерекшеленеді. Яғни, қаланыӊ ішкі жолдарыныӊ жалпы ұзындығы 2135 шақырымды құрайды. Жалпы саны 1964 көше бар.

Иә, қалада жаӊа пайдалануға берілген 5 жұлдызды санаттағы "Rixos Khadisha Shymkent" қонақүйін де айтпай кетуге болмас. Заманауи сәулеттік келбетке ие бұл нысанныӊ жалпы ауданы 34 мыӊ шаршы метрді құрайды. 12 қабатты қонақүйде 176 жайлы нөмірлер, соныӊ ішінде көлемі 450 шаршы метрлік Қазақстандағы еӊ үлкен президенттік нөмір бар.

"Өмір адамға бір-ақ мәрте беріледі, оны Шымкентте сүру керек". ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Оӊтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде айтқан осы бір сөзі қаланыӊ асқақ беделін айқындай түскендей. Біз, шымкенттіктер, өз қаламыздыӊ бүгінгі келбетімен мақтанамыз!!",- дейді шымкенттік патриоттар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны