01.02.2007, 11:35 2600

Шымкент және Тараз қалаларында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Шымкент және Тараз қалаларында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведмоства ақпараттарына сүйенсек, 31-қаңтар күні 16 сағат 54 минутта Тәжікстан Республикасының аумағында энергетикалық класы 13,5 құрайтын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің кіндігі Алматының оңтүстік-батыс бағытындағы 715-ші шақырымда болған. Жер астының дүмпуі Шымкент пен Тараз қалаларында 2 баллды құраған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны