01.04.2008, 13:06 3431

"Шымкентцемент" АҚ су тасқынынан зардап шеккен аудандарға төмен бағамен 85 мың тонна цемент жеткізеді

"Шымкентцемент" АҚ су тасқынынан зардап шеккен аудандарға төмен бағамен 85 мың тонна цемент жеткізеді

Шымкент. І сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Шымкентцемент" АҚ су тасқынынан зардап шеккен аудандар мен мемлекеттік құрылыс нысандарына өткен жылдың төмен бағасымен 85 мың тонна цемент жеткізеді. Бұл туралы ОҚО әкімі мен "Шымкентцемент" АҚ басшысының меморандумға қол қойылған кезінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Біздің бұл меморандумға қол қоюымыз өндірісті одан әрі дамытып, жаңа технологияларды енгізіп, зауытты одан әрі жаңартуға ниет танытып отырған талпынысымызды дәлелдейді. Біз 20 айдың ішінде $20млн көлемінде қаржыны экологиялық бағдарламаларға бағыттайтын боламыз. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен аудандарға цемент жеткізіп облыстық әкімдікпен қарым қатынастарды жалғастыратын боламыз", - деп мәлімдеді "Шымкентцемент"АҚ жетекшісі Энтони Макли.

Облыс әкімінің орынбасары Ислам Ибішевтың айтуынша, цемент зауытының басшылығы жер қойнауына байланысты барлық талаптар мен еңбекті қорғау тәртібін орындауға міндеттеме алып отыр. "Қосымша келісім бойынша зауыт су тасқынынан зардап шеккен аудандар мен мемлекеттік құрылыс нысандарына былтырғы жылы тоннасы 8470 мың теңге мөлшерінде белгіленген баға бойынша цемент жеткізетін болады. Жеткізілетін цемент көлемі 85 мың тоннаны құрайтын болады", - деген ақпарат берді И. Ибішев.

Қол қойылған құжатта биылғы жылы бір тонна цемент тұтынушыларға 12 мың теңгеге сатылатын болады деп көрсетілген.

Меморандумда "Шымкентцемент" АҚ экологиялық талаптарды жүйелі түрде орындайтынына баса назар аударылған. " Біз келіскендей, 1 млрд 300 млн теңге жыл соңына дейін қалдырылмай, барлық экологиялық мәселелерді шешу үшін жүйелі түрде ай сайын бағытталып, барлық жұмыстар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс ", -деді И. Ибішев.

Сонымен қатар меморандумда, халықаралық Italcementi Group компаниясы жетекшілері жаңа экологиялық қорғау жүйелері бар, жаңа технологиямен жабдықталған заманауи цемент зауытын салу жөнінде пікірлері де көрсетілген.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылдың аяғында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ 1997 және 2003 жылдары жасаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім шартын бір жақты тәртіппен бұзды. Шарт бойынша "Қазығұрт, "Абылай", "Текесу" кен орындарының тау кен жұмыстарын дамыту жоспары әкімдікпен келісілуі тиіс болатын. Кәсіпорын сондай-ақ,өз міндеттемелерін орындамай, кеніш орнынан айрылып өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

"Шымкентцемент" АҚ құрамына кіретін Шымкенттің цемент зауыты Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі цемент зауыты болып табылады. Кәсіпорын 1959 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Зауытты 1999 жылы шетелдік "Italcementi Group" инвесторлары сатып алған болатын.

Статистикалық мәліметтер бойынша, "Шымкентцемент" АҚ 2007 жылы 950 мың тонна цемент шығарған ( 2006 жылы- 825 мың тонна).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны