27.08.2007, 18:20 3365

"Шымкентцементке" табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін қайта айыппұл салынды

"Шымкентцемент" АҚ-ына табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін қайта айыппұл салынды, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі Талғат Орынбек.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. ШЫМКЕНТ. "Шымкентцемент" АҚ-ына табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін қайта айыппұл салынды, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі Талғат Орынбек.

"Табиғатты қорғау прокуратурасының қозғаған сегіз әкімшілік ісінің аясында "Шымкентцемент" АҚ соңғы тексеру барысында кәсіпорынға 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, қоршаған ортаға келтірген жалпы көлемі 14,9 млн теңге шығынның орнын толтыру туралы екі нұсқау жіберілді",- деп хабарлады Т. Орынбек.

Прокурордың көмекшісінің хабарлауынша, бүгінгі күнде "Шымкентцемент" АҚ басшысы өз еркімен 9,8 млн теңге төлеген.

Т. Орынбеков, прокуратураның тексеруі "Шымкентцемент" АҚ табиғатты қорғау заңын көптеп бұзғандығын анықтағандығын еске сала кетті. Атап айтқанда, кәсіпорынның тазалау жүйесі тиімсіз жұмыс істейді. "Аспаптармен өлшеу барысында арнайы алынған көздерде құрамында кремний оксиді бар бейорганикалық тозаң мөлшерінің шектеулі мүмкін нормативтерден 1,1-1,8 есеге асқаны анықталған ",- деп айтылған тексеру материалында.

Сонымен қатар, Т. Орынбековтың айтуынша, олар өкілетті қоршаған ортаны қорғау органынан тиісті рұқсат алмастан, 262 тонна қалдықты арнаулы аумақтан тыс жерге төккен.

Тексеру сондай-ақ "Шымкентцемент" АҚ Байдам-Сайрам жер асты суларының бес ұңғысын мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізбестен өндірістік қажеттілік үшін пайдаланады. Табиғатты қорғау прокуратурасы аталмыш ұңғыларды пайдалануды тоқтата тұру туралы ескерту жасады.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін "Шымкентцемент" АҚ-ына соңғы бірнеше жыл бойы санкциялар қолданылып келеді. Яғни, 2005 жылы кәсіпорынға ауаны нормадан тыс ластағаны үшін 9 млн теңгеге айыппұл салынған, ал 2006 жылы "Шымкентцемент" АҚ 15 млн теңге айыппұл төлеген.

Бірақ қаржылай жаза өз нәтижесін бермей отыр. "Зауыттың бастығы ешқандай қарсылықсыз біз салған барлық айыппұлды төлеп отыр, кәсіпорынның тауып оырған пайдасын ескергенде бұл жайтқа таңырқауға болмайды,- деген 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының ауа атмосферасы бөлімінің бастығы Қанат Қалмахантегі.

2006 жылы "Italcementi Groupe" компаниясының директорлар кеңесінің президенті Мишель Ляфебр бұрынғы облыс әкімі Болат Жылқышиевпен кездесіп, "жылдың аяғына дейін цемент зауытын халықаралық стандартқа сәйкестендіруге және экологиялық нормаларды сақтауға 10 млн АҚШ доллары инвестициясы салынатындығына" уәде берген болатын. Бірақ, табиғатты қорғау прокуратурасынан хабарлағандай, "№ 3, 4, 5 және 6 пештерді айналдыратын электр сүзгіштерді жоспарлы модернизациялау осы күнге дейін жүргізілмеген".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны