09.11.2016, 17:05 3889

Шымкентте 77 мыӊнан астам күздік көшет отырғызылады

Жиында қаладағы 4 аудан әкімдігіне қарасты саябақтар мен гүлзарларға, сонымен бірге, елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен балабақшаларға, ауруханаларға және І санатты орталық көшелерге егілетін жасыл желектердіӊ жоспарын баяндаған шаһар басшысы Ғ.Ибдірахымов аталған аумақтарға 77 мыӊ түптен астам жасыл желекті отырғызу жұмыстары екі кезеӊмен жүретінін жеткізді.

Шымкент. 9 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен күзгі маусымда Шымкент қаласында отырғызылатын ағаш көшеттері бойынша жиын өтті. Отырысқа Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидулла Ибдірахымов пен салаға қатысты жауапты жетекшілер қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында қаладағы 4 аудан әкімдігіне қарасты саябақтар мен гүлзарларға, сонымен бірге, елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен балабақшаларға, ауруханаларға және І санатты орталық көшелерге егілетін жасыл желектердіӊ жоспарын баяндаған шаһар басшысы Ғ.Ибдірахымов аталған аумақтарға 77 мыӊ түптен астам жасыл желекті отырғызу жұмыстары екі кезеӊмен жүретінін жеткізді.

Қала әкімініӊ айтуынша, көлемі 22,5 га болатын саябақтар мен гүлзарларға 8 мыӊ түптен астам қырым қарағайы мен шынар, липа отырғызылса, Абай, Ил-Фараби, Еӊбекші және Қаратау аудандарына қарасты аумақтарға 22 мыӊ түптен астам қарағаш отырғызылмақ. Жұмыстарды "Шымкент жасыл қала" мемлекеттік мекемесі жүргізетін болады.

Күздік көшеттерді отырғызу жұмыстары, сондай-ақ, Шымкенттегі орталық даӊғылдар мен көшелерге де жүргізілмек. Атап айтқанда, қаладағы Темірлан тас жолы, Арғынбеков көшесі, Қонаев даӊғылы, Бәйдібек би даӊғылы сынды 21 орталық көшеге 47 мыӊ түпке жуық жасыл желек егіледі. Шаһардыӊ сәніне көрік беретін мұндағы ағаштардыӊ дені туя (боз арша), легуструм, қарағаш, қырым қарағайы, талшын, терек, форзиция, үйеӊкі сынды ағаштардыӊ көшеттерінен тұрады.

Облыс орталығы - Шымкентті көгалдандыру жұмыстары аясындағы мәліметтерге қаныққан Жансейіт Қансейітұлы жасыл желектердіӊ өӊір климатына сай болуы керектігіне назар аударып, аптап ыстықта сая болатын қылқанжапырақты ағаштарды көптеп егуді тапсырды. Көшеттердіӊ басым бөлігін Қазығұрт ауданындағы "Жасыл желек" тұқымбағынан алуға нұсқау берген аймақ басшысы әр аптадағы сенбілік кезінде жоспардағы күздік көшеттерді отырғызып үлгеруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны