01.10.2008, 11:02 1650

Шымкентте Абай атындағы саябақта ағаштарды отау жүргізіліп жатыр

Шымкентте Абай атындағы саябақта ағаштарды отау жүргізіліп жатыр

Шымкент. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттегі Абай атындағы саябақта ағаштарды отау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнында болған журналистер бірнеше ондаған ағаштың бульдозерге тапталғанын, алаңды тазарту жұмыстары жалғасып жатқанын өз көздерімен көріп қайтқан. Қандай фирманың қандай мақсатпен ағаштарды жұлып жатқанын анықтау мүмкін болмаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір жыл бұрын облыстық және қалалық басшылық саябақ аумақтарын коммуналдық меншікке қайтару науқанын белсенді қолға алған болатын. Саябақтар аумағында нысандары бар кәсіпкерлер сотқа беріліп, бірнеше нысан бұзылған. Қала тұрғындарына ең жаққан жазғы демалыс орны - "Дельфин" аквапаркіне де бұзылу қаупі төнген. Жергілікті билік ендігі жерде саябақтарды абаттандыру жұмыстарымен коммуналдық құрылымдар айналысады деп жауап береді. Бірақ көптеген скептиктер жай ғана меншік бөлінісі жүріліп жатыр деген пікірде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны