04.07.2008, 17:11 2798

Шымкентте аштық жариялаған кәсіпкерлердің біріне медициналық көмек қажет болды

Шымкентте аштық жариялаған кәсіпкерлердің біріне медициналық көмек қажет болды

Шымкент. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте аштық жариялаған кәсіпкерлердің бірі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне аштық жариялауға қатысып жатқандардың бірі Асхан Илметов хабарлады.

А. Илметовтың айтуынша, кеше кешке 16 сағат шамасында аштық жариялап жатқан 35 жастағы Ділмұрат Ерісметовтің іш құрсағы қатты ауырып, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылып, зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Қалалық жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлерінің хабарлауынша, Д. Ерісметовты қараған дәрігерлер "созылмалы гастриттің асқынуы" деген диагноз қойған. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін кәсіпкер ауруханаға жатудан бас тартқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны