06.09.2011, 09:50 3816

Шымкентте әскерлер тағы да жаппай уланып қалды

Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде тағы да сарбаздар астан ұшынып қалған.

Шымкент. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте әскерлер тағы да жаппай уланып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде тағы да сарбаздар астан ұшынып қалған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айдың 14-інде аталмыш әскери бөлімнің 50 шақты жауынгерінің іші ауырып, дене қызуымен ауруханаға жеткізілген болатын. Ол кезде мамандар індет ошағы "әскери бөлімде емес" деп мәлімдеген болатын.

Бұл жолы әскери борышын өтеп жүрген 36 жігіт дәрігердің көмегіне жүгінген. Кей сарбаздардың жағдайы ауыр. Қазір ішкі әскер бөлімінде карантин жарияланды. Жаппай тексеру шаралары жүріп жатыр. Бөлімдегі дәрігерлердің айтуынша, ауру жұқтырғандар "Қаратау" оқу жаттығу орталығына барып, жабайы жеміс-жидек жеген. Бұлақ көздерінен су ішіп, тазалық сақтамаған көрінеді.

"Қазір сарбаздардың жиырмасы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Төртеуі әскери бөлімнің емханасында, ал он екісі алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң қызметке қайта кірісті",- деп мәлім етті №6506 әскери бөлімі медициналық қызметінің бастығы Иділет Нұрғалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны