22.01.2007, 15:44 3227

Шымкентте балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот мәжілісі басталды

ШЫМКЕНТ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте бүгін 15 сағатта балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот мәжілісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Kazakhstan Today тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлағанындай, іс қаралып жатқан аудандық сот бүгін айыпталушы жақтың адвокаттарының судья Зиядинхан Пірниязды ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандыру немесе оны қабылдамау мәселесін шешуге тиіс. "Процедураға сәйкес, адвокаттардың судья мен прокурорды алмастыру жөніндегі өтінішін қарап жатқан судья бүгін өз қаулысын жария етуге тиіс. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, бұл қаулыға қарсы шағымдану мүмкін емес. Тек артынан апелляциялық немесе қадағалау жөніндегі шағымда өз пайымдарын қамти алады",- деді ақпарат көзі.

ШЫМКЕНТ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте бүгін 15 сағатта балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот мәжілісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Kazakhstan Today тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлағанындай, іс қаралып жатқан аудандық сот бүгін айыпталушы жақтың адвокаттарының судья Зиядинхан Пірниязды ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандыру немесе оны қабылдамау мәселесін шешуге тиіс. "Процедураға сәйкес, адвокаттардың судья мен прокурорды алмастыру жөніндегі өтінішін қарап жатқан судья бүгін өз қаулысын жария етуге тиіс. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, бұл қаулыға қарсы шағымдану мүмкін емес. Тек артынан апелляциялық немесе қадағалау жөніндегі шағымда өз пайымдарын қамти алады",- деді ақпарат көзі.

Ақпарат көзінің түсініктемесіне сәйкес, заңнама бойынша процессті жүргізуші судьяны алмастыру туралы өтініш осы соттың төрағасына келуге тиіс. Ал Ил-Фараби аудандық сотының төрағасы Зиядинхан Пірнияздың өзі аталмыш іске қатысты мәжіліске төрағалық жасап отырғандықтан өтініш аудандық соттың судьяларының біріне тапсырылады. "Ал судьялардың арасындағы көзқарасқа келетін болсақ, бұл істі жауаптанып алуға ешкім де құлшыныс білдіріп отырған жоқ",- деді ақпарат көзі.

Тағы бір мәлім болғаны, алғашқы мәжілісте процесс жабық есік жағдайында өтетіндігіне байланысты адвокаттарға сот мәжілістерінде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратпауды ауызша ескерткен. "Адвокаттардан ақпарат таратпау туралы қолхат алғысы келетін сыңайлы,- деді ақпарат көзі. - Бірақ, менің білуімше, ешкім де ешбір құжатқа қол қоймайды. Өйткені, бұл - заңға қайшы. Істі қарау барысында мемлекеттік құпияға қол сұғылмайды".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-қаңтарда Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі басталды. Сотқа 21 адам, соның ішінде 8 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Бірінші сот мәжілісінде айыпкерлердің адвокаттары судья Зиядинхан Пірнияз бен айыптаушы жақ -прокурорды өзгертуді талап етті. Судья мен прокурорды өзгертуді талап етуге процессуалдық нормалардың сақталмауы себеп болған. Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес, адвокаттар сот мәжілісін ашық немесе жабық есік жағдайында өткізу туралы мәселе шешілген техникалық отырысқа шақырылуға тиіс болатын, алайда адвокаттардың ешқайсысы бұл отырысқа шақырылмаған. Олар сот мәжілістінің жабық есік жағдайында өткізілетіндігінен бейхабар қалған.

18-қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында З.Пірнияз сот мәжілісін жабық есік жағдайында өткізу туралы шешімді өз бетімен қабылдағанын айта отырып, осы жөнінде облыстық прокуратураның өтініші болғанын жасырмады. "Істі жабық есік жағдайында қарау жөнінде прокуратураның өтініші бар. Өтініш бар, бірақ, оны қабылдау, немесе, қабылдамау - соттың ісі",- деді ол.

Ал өткен сенбіде Астанада өткен баспасөз мәслихатында еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой сот мәжілісі ашық жүргізілсе жақсы болар еді деген пікірін жеткізді. "Бұл іс бойынша ешбір құпиялық жоқ. Егер ақпарат ашық жарияланса, баршамыз үшін пайдалы болар еді",- деді министр. Дейтұрғанмен, ол соттың оқиғаны бағалауда қатал әрі әділетті болатынына сенім білдірді. "Сот қандай үкім шығарса да, біз оны қабылдаймыз",- деді А.Дерновой.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны