19.01.2007, 12:23 2763

Шымкентте балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процессі басталды

ШЫМКЕНТ. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Сот мәжілісі сағат 10-да облыстық сот ғимаратында басталды. Отырыс жабық режимде өткізілуде. Жергілікті билік шектеу шараларын қолдануда. Облыстық сот пен әкімшіліктің ғимараттары (бір-біріне қарама-қарсы) орналасқан көшемен көлік жүруге тыйым салынды. Облыстық соттың ғимаратына баратын жолдарды полицейлер қоршап, оған журналистерді жібермей тұр. Айыпкерлердің ғимаратқа кіру барысын түсірмек болған республикалық арнаның операторының бейнекамерасын полицейлер көлегейледі.

ШЫМКЕНТ. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сот мәжілісі сағат 10-да облыстық сот ғимаратында басталды. Отырыс жабық режимде өткізілуде.

Жергілікті билік шектеу шараларын қолдануда. Облыстық сот пен әкімшіліктің ғимараттары (бір-біріне қарама-қарсы) орналасқан көшемен көлік жүруге тыйым салынды. Облыстық соттың ғимаратына баратын жолдарды полицейлер қоршап, оған журналистерді жібермей тұр. Айыпкерлердің ғимаратқа кіру барысын түсірмек болған республикалық арнаның операторының бейнекамерасын полицейлер көлегейледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотқа 21 адам, соның ішінде 8 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Екі айыпкер сотқа дейін қамауда болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта болды. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға немқұрайдылық туралы айып тағылған.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында судья Зиядинхан Пірнияз соттың жалғасу мерзімі туралы былай деді: "ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес сот талқысы басталған сәттен бастап мәжіліс бір айға созылуға тиіс. Ал қажеттілік болған жағдайда басқа да жайттарда немесе істің күрделілігіне байланысты сот бұл мерзімді ұзарта алады, бірақ ол алты айдан артық уақытқа созылуға тиіс емес".

Оңтүстік Қазақстан облысында ауруханада дерт жұқтыруға байланысты ВИЧ індеті 87 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны