28.10.2010, 14:18 3721

Шымкентте балалы әйелді қағып өлтірген жолаушылар автобусының жүргізушісінде автобус жүргізу құқығы болмаған

Шымкентте балалы әйелді қағып өлтірген жолаушылар автобусының жүргізушісінде автобус жүргізу құқығы болмаған

Шымкент. 28 - қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте балалы әйелді қағып өлтірген жолаушылар автобусының жүргізушісінде автобус жүргізу құқығы болмаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкентте балалы әйелді қағып өлтірген жолаушылар автобусының жүргізушісінде автобус жүргізу құқығы болмаған. "Ол жүргізуші куәлігі бойынша А және В санаттағы көліктерді, яғни мотоцикл мен жеңіл көліктерді жүргізуге ғана құқылы болған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, 26-қазан күні сағат 15.30 Шымкентте жолаушылар автобусы бала жетектеген әйелді қағып кетіп, екеуі де оқиға орнында мерт болған болатын.

"2009 жылы дүниеге келген бала мен 34 жасар әйел жол шетінде ала сызықтың бойында тұрған кезде, автобус оларды қағып барып, ағашқа соғылған. Зардап шеккендердерді құтқару мүмкін болмады. Дәрігерлер келгенше екеуі де оқиға орнында көз жұмды. 25 жасар автобус жүргізушісі оқиғаға істен шыққан тежегіш себеп болды деп мәлімдеген",- деп хабарлады С. Қаракөзова.

Жүргізушінің үстінен ҚР ҚК 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны