25.09.2008, 16:03 3347

Шымкентте бес мектеп оқыту маусымына дайын емес - телеарна

Шымкентте бес мектеп оқыту маусымына дайын емес - телеарна

Шымкент. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте бес мектеп оқыту маусымына дайын емес. Оларда сабақ басталғанымен, санитарлық дәрігерлер оқу орындарын қабылдап алу актісіне қол қойған жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Журналистердің хабарлауынша, №54 мектепте ауыз су жоқ. Мектеп ғимаратына осыдан бір жыл бұрын су құбыры тартылып, оны тартуға 178 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Мердігер - "Қуаныш" компаниясы құрылыс жұмыстарын аяқтаған, бірақ құжаттамалары әлі күнге дейін рәсімделмеген, соған байланысты су құбыры іске қосылмай отыр.

№№29 және 26 мектептер жылыту маусымына дайын емес, оларда терезелерді жылылау қажет.

Ал №№55 және 66 мектептер апатты жағдайда.

Қазір барлық оқу орындарында қалалық білім беру бөлімдері мен аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерінің комиссиялары жұмыс істеуде.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шымкентте 77 мектеп бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны