20.01.2011, 17:01 4260

Шымкентте бет перде киген екі адам банкті тонап кетті

Шымкенттегі ірі банк бөлімшесіне бет перде киген екі адам баса көктеп кіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Шымкенттегі ірі банк бөлімшесіне бет перде киген екі адам баса көктеп кіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, тонау туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Оның құрамына ОҚО ІІД мен Еңбекші АІІБ басшылығы кірді.

"Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасағандар бет-жүзіне медициналық бетперде киген екі азамат. Белгісіз азаматтар, банк ғимаратына кіргеннен кейін, күзетші мен қызметкерлерге пышақпен сес көрсетіп, шамамен 400 мың теңгенің ақшасын ұрлап, ізін суытты", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Полицейлер оқиға орнын тексеру кезінде анықтағандай, банк ғимараты техникалық жағынан бекітілмеген, күзетші қарусыз болды.

ҚР ҚК 179-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны