04.01.2008, 17:22 3457

Шымкентте билет жүйесі енгізілді

Шымкентте билет жүйесі енгізілді

Шымкент. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте қалалық автобустарда 1-ші қаңтардан бастап билет жүйесі енгізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне қала әкімінің орынбасары Арман Құмашев хабарлады.

А. Құмашевтың айтуынша, қала басшылығы автобустарда жол жүру билеттерін енгізуді ертеден жоспарлаған, өйткені, "тек билет жүйесі ғана қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз етіп, жолаушылар ағынын есептеуге мүмкіндік береді және транспорттық компанияларды бақылауда ұстауға жол ашады".

"Біз қаладағы отыздан астам компанияны жол жүру билеттері арқылы күн сайын және ай сайын бақылап отыратын боламыз. Олардың бәрі де жол жүру билеттерін алды, әрбіреуінде өз сериясы мен өз номері бар", - деп түсіндіреді әкімшіліктегілер.

Оның айтуынша, Шымкент Қазақстандағы Астана мен Алматыдан кейінгі билет жүйесіне қайта көшкен үшінші қала болып табылады.

Алайда, тәжірибе көрсеткеніндей, жолаушылар тасымалдайтын автобустардың жүргізушілері мен жолсеріктері қалалық әкімшіліктің жаңалығына айтарлықтай түсіністікпен қараған жоқ. Айталық, жаңа жылда қаладағы автобустармен бірнеше бағытта жүріп өткен агенттік тілшісіне бір рет те билет бермеген.

Билет жүйесі расында да енгізілді ме деген сауалға бір автобустың жолсерігі : "біздің билеттеріміз бітіп қалды", деп жауап берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны