05.10.2018, 16:47 7530

Шымкентте білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтыӊ деӊгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті

2018 жылы 8 айда облыс аумағында білім беру ұйымдарыныӊ лауазымды тұлғаларымен жасалған 6 сыбайлас қылмыстық іс тіркелді. Оныӊ ішінде 4-еуі мектеп директорлары болса, бір техникалық қызмет көрсетуші мен бір жетекші маман тартылған.

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Таяуда Шымкентте Түркістан облысы әкімдігініӊ ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтыӊ деӊгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Отырысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ Түркістан облысы бойынша департаментініӊ, Ұлттық бюро департаментініӊ өкілдері, "Нұр Отан" партиясыныӊ Түркістан облыстық филиалы, облыстық білім басқармасыныӊ және қалалық, аудандық білім бөлімдерініӊ басшылары, қала, аудан әкімдерініӊ білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық 1300 білім беру ұйымыныӊ басшылары, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтыӊ деӊгейін төмендету, ата - аналардан, оқытушылардан заӊсыз ақша жинауды тоқтату мәселелерін кеӊінен талқылауды мақсат еткен жиында төрағалық еткен облыс әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыста білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деӊгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарыныӊ басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі мәселе аясында сөз алған облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Исатай Сағындықов жалпы, Түркістан облысында білім беру саласындағы заӊнамалардыӊ орындалуын бақылау шаралары бойынша 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында мемлекеттік білім беру Стандарттарыныӊ тиісті деӊгейлерініӊ талаптарын орындамағаны үшін облыс бойынша 80 білім беру ұйымында (71-і мектеп, 9-ы балабақша) ҚР "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске сәйкес айыппұл салынғанын атап өтті. Мәліметінше, биылғы оқу жылында басқа жылдарға қарағанда оқулық сатып алуға тиісті қаражат қаралып, оқулықтардыӊ мектепке дейінгі 100% жеткізілуі қадағаланды.

Алайда, оқулықтардыӊ мектептіӊ мөрімен дүкендерден табылуы сонымен қатар бюджет қаражатына алынған оқулықты жалға беріп табыс табу келеӊсіз жағдайлары Сайрам, Сарыағаш, Төлеби аудандарында орын алған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Төлеби ауданындағы №8 мектебініӊ кітапханашысы жұмыстан босатылып, мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара көріліпті.

2018 жылы 8 айда облыс аумағында білім беру ұйымдарыныӊ лауазымды тұлғаларымен жасалған 6 сыбайлас қылмыстық іс тіркелді. Оныӊ ішінде 4-еуі мектеп директорлары болса, бір техникалық қызмет көрсетуші мен бір жетекші маман тартылған. Бұл ретте, айта кеткен жөн, былтырғы тиісті мерзіммен салыстырғанда арнайы жұмыстардыӊ нәтижесінде, өӊіріміздегі ахуал аздап жақсарып, 5 жағдайға азайған. Себебі, өткен 2017 жылдыӊ 8 айында сыбайластық жемқорлыққа қатысты 11 жағдай тіркелген болатын.

Сыбайластық тәуекелдерін төмендету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды процессін автоматтандыру қолға алынды. Бүгінгі күнге 481 мекеме немесе барлық 1368 мектепке дейінгі мекемелердіӊ 35 пайызы осы жүйемен жұмыс жүргізуде (Түркістан, Кентау қалалары, Қазығұрт, Ордабасы, Түлкібас, Сайрам аудандары). Жыл соӊына дейін balabaqsha.sitcen.kz порталына балабақшалардыӊ 100 пайызын қосу жоспарлануда. Жүйе қызметімен бүгінде 12 мыӊнан астам бала балабақшаға орналасқан. Нәтижесінде, балаларды туылғаннан кезекке қою және балабақшаға жолдаманы үйден шықпай автоматты алу мүмкіндіктері туған.

"Мұнан бөлек, облысымыздағы 902 жалпы орта мектептіӊ барлығы 2018 жылдыӊ шілде айынан бастап мектепке балалардыӊ құжаттарын қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметін mektep.sitcen.kz порталы арқылы автоматтандыру жүйесіне ендірді.Аталған жүйе, Түркістан облысыныӊ барлық аудандарына қосылды. Бүгінгі күні жүйе арқылы 54 868 оқушы электронды түрде 1- сыныпқа қабылданды. Нәтижесінде, білім ұйымына бару қысқарды, оқушылар туралы мәлімет алу жұмыстары толық электронды жүйеге көшті және білім ұйымы жұмысын автоматтандыру жұмыс көлемін азайтып, жеӊілдетті", - деді И.Сағындықов.

Сонымен қатар, жиында облыстыӊ 902 (100%) мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі ендірілгені, аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп директорларын конкурстық тағайындау барысын автоматтандыратыны жайлы, сонымен қатар, білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердіӊ бос орындары жайлы хабарламалар жариялайтыны туралы мәлім етілді. Бүгінге дейін аталған жүйе қызметі арқылы 933 бос жұмыс орындары жарияланып, 198 адам жұмысқа орналасқан.

Басқосуда басқарма басшысы "Күнделік" электронды жүйесініӊ ашықтығы туралы да сөз қозғап, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін автоматтандыру жүйелерініӊ де автоматтандырылғанынан хабардар етті.

Кездесуде, сондай-ақ, Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н.М.Жолдасов, Назарбаев зияткерлік мектебініӊ директоры Б.М.Қасымов, Ұлттық бюро Департаменті басшысыныӊ орынбасары И.Жорабековтер да сөз алып, ойларын ортаға салды.

Жиын соӊында Ұ.Сәдібеков қатысушыларға бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған басты мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

"Саладағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерініӊ алдын-алу мақсатында құзырлы органдардыӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ Түркістан облыстық филиалыныӊ қатысуымен арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдап, аудан, қалаларда көшпелі құқықтық көмектер көрсету бойынша арнайы жұмысшы топ құрылсын. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын-алу шаралары ретінде облыстыӊ білім саласында орталықтандырылған қаржыландыру және бухгалтерлік есеп жүйелерін енгізу мәселесін қарастыруды, техникалық қызметкерлерді тағайындауды білім ұйымдарыныӊ құзырынан алып, аутсорсингке беру мәселесін қарастыруды, жұмысқа қабылдау рәсімдерін барынша мектеп директорларыныӊ құзырынан алып, "Sitcen Jumys" ақпараттық жүйелері тектес жүйелерді кеӊінен ендіруді тапсырамын", - деді Ұ.Сәдібеков.

Облыс әкімініӊ орынбасары мәжілісте, сондай-ақ, конкурстық комиссия мүшелерін мемлекеттік қызметшілердіӊ емес, тиісінше саяси партиялардыӊ, білім саласындағы кәсіподақ, мемлекеттік емес ұйым өкілдері мен білім саласыныӊ ардагерлерін қосу мүмкіндігін қарастыруды қажеттігіне тоқталды. Мектеп мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін тестілеу бағдарламасын даярлауды және білім беру ұйымдарына мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты мектептердіӊ, балабақшалардыӊ, білім беру бөлімдерініӊ көрнекі жерлеріне орналастыруды жүктеді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны