08.11.2016, 11:11 4440

Шымкентте білім беру саласындағы реформалар таныстырылды

Шымкент қаласыныӊ 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, қаланыӊ білім беру мекемелерінде мектепішілік электронды бақылау жүйесін, балабақша мен мектептіӊ бірінші сыныбына баланы электронды түрде тіркеу жүйесін және мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесін ендіру мақсаты қойылған болатын.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Шымкенттегі "Фронт офис" орталығында қала әкімі Ғабидолла Ибдірахымовтыӊ қатысуымен білім беру саласындағы реформалар туралы жиын өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

"Білім жүйесін автоматтандыру" тақырыбында ұйымдастырылған "Мектепішілік электронды бақылау жүйесі" SCC компаниясы мен "Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде тіркеу мен қабылдау жүйесі" КДС Азия компаниясыныӊ және "Мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесі" IT-invest group компаниясыныӊ өкілдері қатысып, өз жобаларын таныстырды.

Естеріӊізге салар болсақ, Шымкент қаласыныӊ 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, қаланыӊ білім беру мекемелерінде мектепішілік электронды бақылау жүйесін, балабақша мен мектептіӊ бірінші сыныбына баланы электронды түрде тіркеу жүйесін және мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесін ендіру мақсаты қойылған болатын.

Мектепішілік электронды бақылау жүйесі оқушы-ата-ана-мектепті қамтыған үш жақ арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардыӊ оқу үлгеріміне, мектептен тыс уақытын бақылауға оӊ септігін тигізеді деп күтілуде.

Балабақша мен мектептіӊ бірінші сыныбына баланы электронды түрде тіркеу жүйесі арқылы, ата-аналарға, барлық мектептер мен мұғалімдер туралы мағлұматты бір тізімде көру және салыстыру арқылы еӊ тиімділеріне өтініштерін электронды түрде беруге және бақылауға болады. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларын тұрғылықты тіркелу мекен-жайына тәуелсіз түрде, қалауындағы мектепке арнайы бөлінетін квоталық орындарға түсіру мүмкіндігі туады. Ирі, ізденушініӊ тұрғылықты тіркелген мекен-жайына қарасты мектепті анықтау мүмкіндігі беріледі.

Мұғалімдерді тағайындаудыӊ электронды жүйесі арқылы үміткерлер, мектептерде пайда болған бос орындарға өтініштер мен тиісті құжаттарын электронды түрде тапсыра алады. Осы арқылы бос орындардыӊ саны мен үміткерлердіӊ тізімі электронды порталда жарияланатын болады. Жүйе арқылы үміткерлердіӊ бос орынға тағайындалу конкурсыныӊ ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Енгізіліп жатқан инновациялық жүйелердіӊ қолданылуы, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер тарапынан, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін, сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мақсатында қазан айында ашылған "Фронт-офис" қызметініӊ аясында жүзеге асырылатын болады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны