02.09.2010, 13:01 4192

Шымкентте бір әйел ОҚО білім басқармасының терезесінен секіріп, өзіне өзі қол жұмсады

Шымкентте бір әйел ОҚО білім басқармасының терезесінен секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 2 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте бір әйел ОҚО білім басқармасының терезесінен секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сәрсенбі күні бір әйел тоғыз қабаттық кеңсе ғимаратының сегізінші қабатының терезесінен секіріп, мерт болған. Бұл қабатта ОҚО облыстық білім басқармасы орналасқан болатын.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің айтуынша, "ол осы іске барардың алдында туыстарына қоңырау шалып, қазір өлетіндігін айтқан".

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның өзіне өзі қол жұмсау себептерін анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны