03.06.2008, 13:56 1976

Шымкентте цементтің жоқтығынан "Асбоцемконструкция" АҚ-ның (шифер зауыты) жұмысы тоқтап тұр

Шымкентте цементтің жоқтығынан "Асбоцемконструкция" АҚ-ның (шифер зауыты) жұмысы тоқтап тұр

Шымкент. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте цементтің жоқтығынан "Асбоцемконструкция" АҚ-ның (шифер зауыты) жұмысы тоқтап тұр. Кәсіпорын басшылығы "Шымкентцемент" АҚ цементті жеткізу жөніндегі келісім шартын жасай алмай отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Асбоцемконструкция" АҚ директоры Нұрғали Тұрабаев хабарлады.

"Шымкентцемент" АҚ басшылығы ешбір түсініктеме берместен, бізбен шарт жасаспай отыр. Біз өзіміздің құжаттарымызды жібердік , бірақ олардан жауап әлі келген жоқ. Сонымен қатар біз цемент зауытының әкімшілік ғимаратына жете алмай отырмыз. Күзет қызметі бізді кіргізбейді", - деп хабарлады Н. Тұрабаев.

"Асбоцемконструкция" АҚ директоры түсіндіргеніндей кеңес үкіметі кезінде цемент және шифер зауыттары өндірістік жұмыстары ортақ болғандықтан, бір- біріне жақын жерде тұрғызылды. Шифер зауытына "Шымкентцемент" АҚ цементпен қамтамасыз етіп отыруы керек, сол үшін олар жақтан құбыр тартылған. Алайда биылғы жылы шикізатты тасымалдау мәселесі шешілмей отыр.

"Біз өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істемейміз. Ең бірінші "Шымкентцемент" АҚ өндірісі тоқтады, енді ол жұмыс істеп тұр, бірақ бізге цемент бермейді", - деді Н. Тұрабаев.

Директордың айтуынша, бір айда толық жұмыс істеу үшін 6 мың тонна цемент қажет." Үзіліссіз тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеу үшін 200 тонна керек. Бұл аса көп көлем емес, өйткені цемент зауыты бір айда екі пеш арқылы 40 мың тоннадан аса цемент шығарды ", - деп түсіндірді Н. Тұрабаев.

Бұл мәселені шешу үшін "Асбоцемконструкция" АҚ басшылығы облыс әкіміне өтініш айтпақшы. "Мен әкімнің қабылдауына жазылдым. Егер бұл көмектеспесе, онда министрлікке өтініш жіберемін. Бізде басқа жол жоқ. Оны шешпесе онда біз толық тоқтап қаламыз. 350 адам жұмыссыз қалады, ал бюджет салықтан қағылады ", -деп түсіндірді Н. Тұрабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны