24.10.2016, 18:22 4322

Шымкентте "Достық дастарханы" дәстүрлі палау фестивалі өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Жанубий Қозоғистон" газетіне 25 жыл толуына орай, облыстық басылымныӊ құрметті мерейтойында Шымкентте "Достық дастарханы" атты дәстүрлі палау фестивалі өтті.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Жанубий Қозоғистон" газетіне 25 жыл толуына орай, облыстық басылымныӊ құрметті мерейтойында Шымкентте "Достық дастарханы" атты дәстүрлі палау фестивалі өтті, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өӊіріміздіӊ білікті аспаздары қатысып, палаудыӊ 30 шақты түрін дайындап, щеберліктерін көрсетті.

Мерекелік шараға қатысқан Оӊтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттіӊ мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетеу керек, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ 25 жылдығына арналған "Шаӊырақ" шығармашылық байқауына қатысқан "Жанубий Қозоғистон" газетініӊ редакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында ел бірлігі туралы:

"Жаӊа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеӊберінде қабылданған жаӊа заӊдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаӊа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздыӊ мойнымызда еліміздіӊ болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздыӊ игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезеӊ біз үшін еӊсеру кезеӊі болады. Біз жаӊа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеӊеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігініӊ берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудыӊ жаӊа шептеріне шығаратын боламыз!

Қымбатты қазақстандықтар! Дағдарыстардыӊ бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәӊгі. Мен айтып өткенніӊ барлығы жеӊуге болатын, біз жеӊе алатын бөгеттер. Біз көлденеӊ шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еӊбегі ерен, бірлігі мығым Мәӊгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктіӊ туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздіӊ тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздіӊ тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік!",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны