01.03.2011, 16:29 3926

Шымкентте екі әйелді өлтірген қылмыскер ұсталды

Екі әйелді өлтіріп, үш жарым жылдан бері полицейлерден бой тасалап жүрген қылмыскер Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкент. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Екі әйелді өлтіріп, үш жарым жылдан бері полицейлерден бой тасалап жүрген қылмыскер Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жедел-іздестру шаралары кезінде, криминалдық полиция қызметкерлері 3,5 жыл бойы іздестіріп келген күдіктіні Шымкентте қолға түсірген. Ол толығымен кінәсін мойындады. Ол осы уақытқа дейін республиканың түрлі қалаларында жасырынып жүрген", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы полиция полковнигі Қаракөзова.

2007 жылы 26-шілдесіде Шымкенттің Еңбекші ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі "бірнеше рет атылған дауысты естідім және кіреберістен қашып баражатқан 18-25 жас шамаларындағы қап-қара кйінген бір ер адамды көрдім", деп хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел - тергеу тобы көп қабатты үй пәтерлерінің бірінен екі адамның өлі денелерін тауып алған. Олардың бірі үйдің иесі 1957 жылы туылған әйел және оның 1980 жылы туған қызы болатын. Сарапшылардың айтуынша, жас келіншектің аяғы ауыр болған.

Еңбекші аудандық ІІБ ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Сол кезде полиция қызметкерлері, ізін суытып үлгерген күдіктінің жеке тұлғасын анықтаған. Ол 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны екендігі белгілі болған.

Осыдан кейін оған оған іздеу салу жарияланған болатын.

Қазір күдікті жасаған ауыр қылмыстың себептері анықталуда және тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны