22.05.2018, 11:47 4897

Шымкентте екінші жаӊа теміржол вокзалын салу жобасы талқыланды

Жоба жетекшісі Шымкент қаласыныӊ 2020 жылы болатын ТМД елдерініӊ мәдени астанасы жылына орай, жобаны іске асырып, пайдалануға беру мүмкіндігін айтты.

Шымкент. 22 мамыр Kazakhstan Today -Шымкент қаласында бекітілген дамудыӊ Бас жоспарына сәйкес тәулігіне 20 мыӊ жолаушы өткізетін жаӊа айналма теміржол вокзалы салынады.

Жоба тұжырымдамасы халықаралық бастамашыл топпен, жоба жетекшісі, экономика ғылымдарыныӊ докторы, профессор Алихан Бижанов пен техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор, "Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-ніӊ директоры Алтайбек Оразбеков, ҚР сәулетшілер одағыныӊ ОҚО филиалыныӊ төрағасы Асқар Мамырбаев және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы "АҚ өкілдерімен бірлесе әзірленді.

Заманауи үлгіде бой көтеретін қаладағы екінші теміржол желісініӊ техникалық құрылысыныӊ сипатын Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевқа "Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-ніӊ директоры А.Оразбеков таныстырды.

Олардыӊ айтуынша, бұл жоба зерттеу қорытындысы бойынша Президенттіӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауына сәйкес екен. Өйткені темір жол желісін салу кезінде көлік салудыӊ және пайдаланудыӊ озық "цифрлық" технологиялары енгізілсе, көлік процесінде инновациялық технологиялар, соныӊ ішінде жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды енгізу көзделген.

Шымкент қаласыныӊ бас жоспарына сай "Батыс Еуропа -Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізініӊ бойында салынуы тиіс вокзалдыӊ жобасы аясында "Шымкент-2" жаӊа теміржол вокзалы мен жүкті сұрыптау станциясы және үлкен автовокзал салынады деп жоспарлануда. Сонымен бірге жалпы алаӊы 16 гектарды құрайтын жобада қонақ үй мен әкімшілік ғимарат, 1000 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған.

Жоба жетекшісі Шымкент қаласыныӊ 2020 жылы болатын ТМД елдерініӊ мәдени астанасы жылына орай, жобаны іске асырып, пайдалануға беру мүмкіндігін айтты.

Өз кезінде облыс әкімі бұл жобаныӊ әлеуметтік маӊызы бар екенін және жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және туристерді аймаққа тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты ол тиісті ведомство басшыларына жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Қазіргі таӊда жоба республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау алгоритміне сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ уәкілетті мемлекеттік органдарымен жұмыс үйлестіру сатысында тұр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны