26.09.2016, 16:04 4021

Шымкентте Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған концерт өтті

Қазір он екі мүшесі сау болса да, өмірге өкпелеп, ащы запырандарын төгіп, жиі шағымданатындар көп. Ал, бұл концертте қос жанарынан айырылса да, дүниеге жүрек көзімен қарайтын қайсар жандар ән шырқады.

Шымкент. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Шалқар шабыт" мүгедектер қоғамдық бірлестігі "Тәуелсіздік - бақытымныӊ бастауы" атты мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Думанды кеште осы қоғамдық бірлестік мүшелері өнер көрсетті.

Қазір он екі мүшесі сау болса да, өмірге өкпелеп, ащы запырандарын төгіп, жиі шағымданатындар көп. Ал, бұл концертте қос жанарынан айырылса да, дүниеге жүрек көзімен қарайтын қайсар жандар ән шырқады. Өлеӊ оқып, жырдан шашу шашты. Атап айтсақ, Айнұр Смандияр, Рүстем Тайыров, Перизат Үйсімбаева, Мадина Ермаханова, Жомарт Барлыбаев сынды өнер иелері көрерменге қуаныш сыйлады. Жүректерді толқытып, қиялдарға қанат бітірді.

Кешке танымал әнші Мамадияр Таукеев пен "Сұӊқар" күйшілер тобы, сондай-ақ жас биші Аяна Төлеген де өнер көрсетті.

Кешті жүргізген ақын, ОҚО "Шалқар шабыт" мүгедектер қоғамдық бірлестігі төрайымыныӊ орынбасары Ербек Бакиевтіӊ айтуынша, бұл іс-шараны өткізуге бірнеше басқарма қолдау көрсеткен.

"Облыстық білім басқармасы, мәдениет басқармасы, филармония ұжымы, ішкі саясат басқармасы және жастар орталығына алғысымыз шексіз. Елбасы Жолдауларында да мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мәселесі айтылған. Кешті өткізудегі мақсатымыз - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына құрмет көрсету әрі мүмкіндігі шектеулі, талантты жандардыӊ шығармашылығын насихаттау. Бүгінгі концерттен көрермен рухани азық алды деп ойлаймын. Біздіӊ қоғамдық бірлестік мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ шығармашылық кештерін өткізіп, кітаптарын шығаруға көмектеседі", - дейді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны