Система Orphus

Шымкентте есірткі қолданушылар арасындағы АИТВ-ныӊ алдын алу мәселелері талқыланды

25.02.2016, 17:47 1895

Шымкент. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте "Аман-саулық" қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ЖИТС-тіӊ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған "Қазақстандағы ЖИТС-тіӊ алдын алу үшін алмастырушы апиындық терапияны енгізу" тақырыбында қоғамдық тыӊдау болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға денсаулық сақтау, білім беру басқармаларыныӊ, ЖИТС -тіӊ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығыныӊ, наркологиялық диспансерлердіӊ, құқық қорғау органдарыныӊ (ІІД наркобизнеспен күрес басқармасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардыӊ туыстары қатысты.

Қоғамдық тыӊдауға қатысушылар Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдар арасында АИТВ-ніӊ таралуы мен алмастырушы апиындық терапияны (әрі қарай - ААТ) енгізу мәселелерін талқылады.

Алмастырушы апиындық терапия - есіркіге тәуелділікті емдеудегі инновациялық әдіс. Ол тәуекел топтарыныӊ арасында АИТВ/ЖИТС таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таӊда ААТ әлемніӊ 71 елінде қолданылады, Евроодақ елдерінде 600 мыӊнан астам пациент аталған емді қабылдайды.

"АИТВ мен нашақолықты тарату - барша қоғамыӊ проблемасы. Қоғамдық тыӊдаулар инъекциялық наша қолданатын адамдар (әрі қарай - ИНҚА) мен олардыӊ жақындары, сондай-ақ, медициналық қызметкерлер мен тұрғындар үшін алмастырушы апиындық терапия туралы шынайы ақпаратты жеткізу мақсатында өткізілді", - деді "Аман-саулық" ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

Жуық арада ҚР-дағы ИНҚА арасындағы есірткіге тәуелділік пен АИТВ-ніӊ алдын алу мақсатында есірткі қолданушыларды сүйемелдеуші емдеу мәселелері бойынша қоғамдық тыӊдауларды Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында өткізу жоспарланып отыр.

2008 жылы Қазақстанда метадонды пайдалану арқылы орнын ААТ пилоттық жобалары басталып, 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде ААТ бағдарламасы пилоттық режимде ауқымын кеӊейтіп, еліміздіӊ 10 қаласын қамтыды.

2015 жылы "Қазақстан Республикасындағы ААТ-ны дамытудыӊ перспективалары" жобасыныӊ аясында "Аман-саулық" Қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ныӊ Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасыныӊ қолдауымен ААТ бағдарламасы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан 10 қалада қоғамдық тыӊдаулар өткізді.

Аймақтарда өткен қоғамдық тыӊдаудыӊ қорытындылары 2015 жылғы 11 желтоқсанда Астанада өткен конференцияда талқыланып, Қазақстанда ААТ-ны енгізу бойынша ұсынымдар қабылданды және олар ҚР мемлекеттік органдарына жіберілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны