08.05.2007, 16:39 15271

Шымкентте "Георгиев таспасы" атты іс-шара өтуде

ШЫМКЕНТ. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Шымкентте Жеңіс күніне орай "Георгиев таспасы" атты іс-шара өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іс-шараның бастамашылары - жергілікті журналистер. "Отырар" тереарнасы мен "Рабат" газетінің редакциясы іс-шараны жүргізу туралы ресейлік өкілдермен байланысқа шыққан. "Біз сәуірдің аяғында Интернеттен осындай іс-шараның жүргізіліп жатқандығы туралы білдік. Біз ұйымдастырушылармен хабарласып, оған қатысуға ниет білдірдік, және де 1-мамырда олар бізге поездбен 1000 таспа салып жіберді",- деп хабарлады "Рабат" газетінің бас редакторы Ирина Казорина.

Журналистер іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың ерлігі туралы еске салу екендігін түсіндіре отырып, көшелердегі жүргіншілерге таспаларды таратқан. Іс-шараға қатысушылар Шымкент тұрғындарының "Георгиев таспасы" іс-шарасын жүргізуге жылы қабақ танытып жатқандарын атап өтті.

И. Казоринаның айтуынша, 800 таспа осы күнде таратылып үлгерген. Қалған 200 таспа ертең орталық алаңда Жеңіс Күнінің құрметіне өтетін салтанат барысында ардагерлерге табыс етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны