03.09.2007, 13:59 2506

Шымкентте хайуанаттар бағының жұмысшыларының немқұрайдылығы салдарынан арыстан жарты сағаттай тордың сыртында жүрген

Шымкентте хайуанаттар бағының жұмысшыларының немқұрайдылығы салдарынан арыстан жарты сағаттай тордың сыртында жүрген.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. Шымкентте хайуанаттар бағының жұмысшыларының немқұрайдылығы салдарынан арыстан жарты сағаттай тордың сыртында жүрген, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Ғылыми бөлім жөніндегі директордың орынбасары Латифша Алиев жәрналистерге, аталмыш деректің 1-қыркүйекте, қараушы торды тазалап жатқан кезде болғандығын растады. "Арыстанды жазғы жайдан қысқы орынға айдап кіргізіп, есігін жауып тазалайды, сосын керісінше шығарып, қысқы орнын тазалайды. Қараушы арыстанды жаздыққа шығарып, өзі қысқы орынды тазалап жатқан, бірақ ол оның есігін жабуды ұмытып кеткен",- деп түсіндірді Латифша Алиев.

Қараушы тазалықпен айнылысып жүріп арыстанның жоқтығын байқамай қалған, соның салдарынан алты жасар Адам торлар мен қоршаудың арасындағы кеңістікке шығып , еркін қыдырып жүрген. Латифша Алиевтің хабарлауынша, хайуанды торға жеммен алдап кіргізген.

Хайуанаттар бағы директорының орынбасарының хабарлауынша, оқиға кезінде барлық адамдар аумақтан шығарылған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл аз уақыт ішіндегі екінші оқиға. 31-маусымда осы тектес оқиғада үш аю бостандыққа шығып кеткен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны