10.07.2007, 18:05 2832

Шымкентте Халықаралық Абай клубының салалық бөлімшесі ашылды

ШЫМКЕНТ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Шымкентте Халықаралық Абай клубының салалық бөлімшесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Филиалды ашудағы мақсат - Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу мен халық арасында насихаттау, жастарды тәрбиелеу, қазақ тілін насихаттау және жас жазушылармен жұмыс істеу", - деді бөлімшенің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген халықаралық клубтың вице-президенті әрі филиал директоры Жолдасбек Кузеубаев. Оның айтуынша, бұл филиал еліміздің үш облысы - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары арасындағы жалғыз бөлімше болмақ.

Шымкенттегі Абай ескерткішінің жанындағы филиал ғимараты клуб қаржысына салынған.

Халықаралық Абай клубын Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаев 1995 жылы Лондонда ашқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны