28.12.2006, 10:54 8595

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

ШЫМКЕНТ. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шымкентте "бір терезе" принципімен халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

27-желтоқсанда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұңғыш халыққа қызмет көрсету орталығын ашу рәсімі болып өтті.

Облыстық әділет департаментінің директоры Бақытжан Есеновтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтар мемлекеттік бес мекеменің 81 қызмет түрін ала алады. "Алғашқы кезеңде 70 қызметкер жұмыс істейтін болады. 52 терезе қарастырылған",- деді Б.Есенов.

2007-жылы облыстың әрбір ауданында осындай орталықтар салына бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны