15.05.2007, 16:21 3374

Шымкентте халықтар достығының мұражайы ашылды

ШЫМКЕНТ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Шымкентте халықтар достығы мұражайының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұрайжайға арналған ғимаратты облыстық балалар мен жастар орталығы ұсынып отыр. 70 шаршы метрге жуық алаңда облыстың ұлттық мәдени орталығы әзірлеген экспозициялар ұсынылған. Сондай-ақ ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар, кітаптар мен басқа да заттар көрмеге қойылған.

Мұражай директоры Татьяна Камынинаның айтуынша, әртүрлі тілдегі 41 әліппе жинағы аса құнды. Оны мұражайға жоғарғы оқу орнының бұрынғы оқытушысы, Шымкенттің құрметті азаматы Галина Попова сыйға тартқан.

Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев мұндай мұражайлардың азаматтарды отаншылдық пен төзімділік рухында тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. "Бейбітшілік пен келісім - жоғары адами құндылық",- деп атап өтті әкім. "Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында, қоғамдық келісімді одан әрі нығайту еліміздің тұрақты дамуы мен біздің алға қойған міндеттерімізді ойдағыдай шешудің негізі екенін ерекше атап өтті",- деп қосты Ө. Шүкеев.

Оңтүстік Қазақстан облысында 20 ұлттық-мәдени ортылық тіркеліп, жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны