Система Orphus

Шымкентте ХІХ ғасырда салынған филармония ғимараты бұзылды

30.04.2007, 12:08 4574

ШЫМКЕНТ. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Шымкентте мұрағат мәліметтері бойынша 1886 жылы салынған филармония ғимараты бұзылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің бастығы Александр Грищенконың айтуынша, филармония ғимараты мемлекеттің қорғауындағы ескерткіштердің реестріне енгізілмегенімен тарихи ескерткішке жатады. "Бірінші және жалғыз ескерткіштер жинағы 1984-жылы жасалған, ол кезде ғимаратқа 100 жыл да толмаған еді, ал одан кейін кез-келген ғимарат тарихи ескерткіштер санатына қосылады. 1988-жылы Шымкент қалалық атқару комитеті филармонияны сәулет өнерінің қорғалуға тиіс ескерткіші деп тану туралы шешім шығарған. Алайда облыстық деңгейде бұл шешім бюрократиялық шырғалаңға байланысты күшіне енбей қалған",- деді А.Грищенко.

Оның айтуынша, сәуірдің басында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ғимараттың техникалық ахуалын зерттеу жөніндегі арнаулы комиссия құрды. Комиссия ғимараты тозығы жеткен және сейсмологиялық тұрғыда қауіпті деп тауып, пайдалануға тыйым салды. Алайда А.Грищенконың өзі бұл шешіммен келіспейді. "Менің пайымдауымша, жақсылап жөндесе ғимарат әлі де қызмет етер еді",- деді маман.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ғимарат бастапқыда шіркеуге қарасты болған, ал 1934-жылы таңғажайып акустикалық қасиетіне байланысты театрға айналдырылып жөнделді. Бұл Қазақстандағы тұңғыш театрлардың бірі.

Қазір ғимараттың орнында филармонияның жаңа ғимаратын тұрғызу жұмыстары басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны