14.09.2016, 21:10 9028

Шымкентте қала күні 17-24 қыркүйек күндері атап өтіледі

17-24 қыркүйек күндері аралығындағы мерекелік бағдарламаны қалалық мәдениет бөлімі ұсынып отыр.

Шымкент. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте биылғы қала күні мерекесі 9 күн бойы атап өтіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

17-24 қыркүйек күндері аралығындағы мерекелік бағдарламаны қалалық мәдениет бөлімі ұсынып отыр.

16 қыркүйек

Қала әкімдігініӊ үлкен залында қала күнін атап өтуге арналған баспасөз жиыны өтеді. Бұған қоса әлеуметтік желілерде қала күніне орай "Шымкентті құттықтау тілегі" конкурсы жарияланады. Үздік авторлар 24 қыркүйек күні марапаттталады.

17 қыркүйек

9:00-13:00 - қалалық сенбілік.

9:00-10:00 - ардагерлер, интеллигенция өкілдері мен жастар бірге ағаш егеді.

11:00 - жастар арасындағы "I love Shymkent" флешмобы (Тәуелсіздік саябағы).

18 қыркүйек

09:00-11:00 И жеӊіл атлетика эстафетасы. Қонаев даӊғылы мен Желтоқсан көшесініӊ қиылысынан Наурыз алаӊына дейін (осы аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады)

Орталық саябақ. 10:00 - ардагерлер арасындағы шахмат турнирі.

Бильярд клубы. 12:00 - Шымкент қалалық мәслихатыныӊ депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бильярд турнирі.

19 қыркүйек

Оқушылар сарайы. 16:00 - "Таза қала" акциясыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі.

20 қыркүйек

Тәуелсіздік саябағы. 11:00-13:00 - мектеп оқушылары ұйымдастырған мерекелік бағдарлама.

Опера және балет театры. 18:00 - "Шымкент аруы" конкурсы.

21 қыркүйек

Қала әкімі жас белсенділермен кездеседі.

22 қыркүйек

Республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері арасында өткен "Шырайлы Шымкент" конкурсыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау.

Опера және балет театры. 17:00 - балаларға арналған "Алтын сақа" қысқаметражды фильмдер фестивалініӊ ашылуы.

23 қыркүйек

Перзентхана. 10:00 - осы күні туған еӊ жас Шымкент тұрғынын қала әкімі құттықтайды.

11:00 - қала әкімі Шымкенттіӊ еӊ қарт тұрғынын құттықтайды.

Қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі. 11:00 - қайырымдылық акциясы.

24 қыркүйек

Атшабар. 10:30-14:00 - ұлттық спорт жарыстары.

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы монументі. 11:00-19:00 - каладағы мәдениет ошақтары әзірлеген концерт.

"Шырайлы Шымқалам" фестивалі - жемістер мен көкөністерге өрнек салу (карвинг), халықтық тұтыну-қолөнер бұйымдарыныӊ, фотосуреттер көрмесі.

Наурыз алаӊы. 19:00-21:30 - театрландырылған хореографиялық қойылым.

Салтанатты жиын. Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысатын гала-концерт.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны