19.09.2016, 18:22 4666

Шымкентте қала күні мерекесіне орай шахмат пен бильярдтан сайыс өтті

Кеше қала күні мерекесіне орай Шымкенттегі "Ақ тұлпар" шахмат клубында шахматтан ардагерлер арасында ашық турнир өтті. Оған 60-қа жуық ардагер қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше қала күні мерекесіне орай Шымкенттегі "Ақ тұлпар" шахмат клубында шахматтан ардагерлер арасында ашық турнир өтті. Оған 60-қа жуық ардагер қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұйымдастырушылар сайысты әуесқойлар және кәсіпқойлар арасында бөлек өткізуді жөн көріпті.

Екі күнге созылған турнирде ардагерлер 7 тур ойнап, мықтыларды анықтады. Нәтижесінде кәсіпқойлар арасында Бегайдар Тұрғанәлиев чемпион атанса, екінші орынды Спабек Теӊгебаев жеӊіп алды. Үшінші орын Ибілқасым Ерімбетовке бұйырды.

Иуесқойлар арасында Дүйсебай Ерімбетов топ жарды. Екінші орынды Мамытхан Мұсаев, үшінші орынды Дәуренбек Жақыпов олжалады. Жеӊімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ осы күні "Айжарық" бильярд клубында мемлекеттік қызметшілер және қалалық мәслихат депутаттары арасында сайыс өтті. Оған бильярдты жақсы меӊгерген 18 үміткер қатысты. Бір сәт бой сергітіп, мергендік пен шеберлікті сынаған әріптестердіӊ үздіктері кубок, диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны