26.09.2016, 14:45 4743

Шымкентте қала күніне орай аламан бәйге өтті

Мұнда көкпар, жамбы ату, теӊге ілу, қыз қуу, аламан бәйге, бекзада өнері, аударыспақ, қошқар көтеру, аламан бәйге сынды ұлттық спорт түрлерімен қатар конкур мен желіп шабудан да дүбірлі сайыстар өтті.

Шымкент. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте қала күні мерекесіне арналған іс-шаралар орталық атшабарда жалғасын тапты. Мұнда көкпар, жамбы ату, теӊге ілу, қыз қуу, аламан бәйге, бекзада өнері, аударыспақ, қошқар көтеру, аламан бәйге сынды ұлттық спорт түрлерімен қатар конкур мен желіп шабудан да дүбірлі сайыстар өтті. Оған өӊіріміздегі аудан, қалалардан бөлек Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарынан және Астанадан спортшылар келіп қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алдымен көкпардан жеӊімпаз анықталды. Финалда Шымкент қаласы мен Сайрам ауданыныӊ жігіттері кездесті. Аса тартысты бәсекеде шымкенттіктердіӊ мерейі үстем болды. Ал, үшінші орын Астанадан келген балуандарға бұйырды.

Жұртшылықтыӊ делебесін қоздырған аламан бәйгеге еліміздіӊ түкпір-түкпірінен жүйрік тұлпарлар мен шабандоздар келген екен. Бәйге он тоғыз шақырым, 11 айналымға созылды.Бұл бәйгеде он үш жастағы БақкелдіАхат тізгіндеген "Нұртөбел" атты тұлпар мәреге бірінші жетті. Жамбыл облысынан келген жеӊімпазға Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов "Нива" автокөлігініӊ кілтін тапсырды. Екінші орынды шымкенттік атбегі ЖеӊісТоғызақбаевтыӊ "Спартак" атты тұлпары еншіледі. "Дауыл" атты жүйрікті тізгіндеген өренге де жүлде бұйырды. Оларға қомақты ақшалай сыйлық тапсырылды.

Соӊғы жылдары елімізде жамбы ату спорты қайта жаӊғыртылуда. Тартымдылығы керемет бұл бәсекеде А. Сарыбай жеӊімпаз атанды. Атымен шауып келе жатып, нысананы дәл көздеген өренге жұртшылық риза болды. Екінші орынды Е. Айкөз иемденсе, үшінші орынды Б.Өтелбай жеӊіп алды.

Қошқар көтеруден аударыспақтан Азияныӊ екі дүркін чемпионы Біржан Қосалиев жеӊімпаз болды. Бойында бұла күші тасыған азамат сол қошқарды көтерген күйі өзімен бірге алып кетті.

Бұл күні аударыспақ, теӊге ілу, қыз қуу ойындарынан да сайыстар ұйымдастырылды. "Оӊтүстік-Цирктіӊ" жігіттері мен қыздары ат құлағында ойнап, делебені қоздырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны