19.09.2007, 18:34 3177

Шымкентте қаладағы қоқыс орнын тазалап, ол жерді гүлдендіру жоспарлануда

Шымкентте қаладағы қоқыс орнын тазалап, ол жерді гүлдендіру жоспарлануда.

Шымкент. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жергілікті билік өкілдері қалалық қоқыс төгетін орынды тазалап, оны гүлдендіру жоспарлануда. Бұл туралы кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Келесі жылдың бірінші жарты жылдығының аяғында қаладағы қоқыс орны тазаланып, жабылады",- деді Нұрғали Ишімов. Ол сондай-ақ бұл жерде ағаштар отырғызылып, жаңа дендропарк ашылатындығын атап өтті.

Нұрғали Ишімов сондай-ақ облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығына қоқыс төгетін жердегі барлық өрт ошақтарының сөндірілуін қадағалауды тапсырды, одан шыққан түтін қаланың ауа қабатын ластап отыр.

Сонымен қатар, кеше "Спецавтотранспорт" ЖШС бастығы мұнда экологтардың қадағалауымен тәулік бойы жұмыс істейтін өрт сөндіру техникасының кезекшілігін ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта қаладағы қоқыс төгетін орын "Спецавтотранспорт" ЖШС үкіметтен жалға алып отырған 20 гектар жерді алып жатыр. Мұнда қоқыстар ешқандай жаратусыз жинақталуда.

Нұрғали Ишімов, Шымкентте қоқыстың орнына "Тазалық-21" компаниясының қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істейтіндігін, ол үшін құны 7 млн АҚШ доллары тұратын құрал-жабдықтар әкелініп қойғандығын мәлім етті.

Сонымен қатар, облыс әкімінің ақпараттарына сүйенсек, оңтүстік-кореялық "Поско" фирмасы Шымкентке кішкентай ЖЭО мен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарынан құрылыс блоктарын шығаратын кешеннен құралған қоқыс өңдеу зауытын әкелуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 13 млн АҚШ долларын құрайды.

Бұл нысандар келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны