15.09.2016, 12:41 5412

Шымкентте "Қауіпсіз қала" жобасы жүзеге асырылады

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұловқа облыстық прокуратура тарапынан әзірленген бес жоба таныстырылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұловқа облыстық прокуратура тарапынан әзірленген бес жоба таныстырылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Жиынға қатысқан облыс прокуроры И.Иманов аталған жобалардыӊ маӊыздылығына тоқталып, бағыттарын атап өтті.

Олардыӊ ішінде арнайы атап өтетіні - "Қауіпсіз қала" жобасы. Аталған жоба жүзеге асқанда қаладағы қылмыс саны 30% төмендетуге қол жеткізуге болады. Айта кетейік, бұл жоба бұған дейін мегаполис болып табылатын ел ордамыз Астанада жүзеге асырылған. Өз кезінде облыс әкімі қылмысты төмендету мақсатында қала бейнекамералармен жабдықталатынын және жергілікті полиция қызметкерлерін 3 жылда 350 автокөлікпен қамтамасыз етілетін жеткізді.

Сондай-ақ, ол тиісті сала басшыларына жасөспірімдер арасында қылмысты азайту үшін жастардыӊ уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттігін айтып, жастарды қосымша көмекшілік жұмысқа тартуды тапсырды.

Жиын барысында әкім учаскелік полицияныӊ жұмысына баса назар аударып, әрбір тағайындалатын учаскелік полицияныӊ заӊгерлік білімі болу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, өӊір басшысы олардыӊ тоқсан сайын жергілікті тұрғындарға есеп беру қажеттігіне де тоқталды. Сонымен қатар, отырыста жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мақсатында жергілікті полиция мен облыстық жастар саясаты басқармасы бірлесе отырып жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша дәрістер өткізу жайы да айтылды. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі таныстырылған жобалар қоғамға өз пайдасын тигізіп, нәтижесін беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны