26.10.2016, 12:32 3493

Шымкентте "Қазақстанда 2016 жылы жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" атты республикалық көрме өтеді

Көрме аясында еліміздіӊ 16 аймағыныӊ 32 әлеуметтік жобасы таныстырылады. Олар өӊірлердегі байқаулардыӊ жеӊімпаздары.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 27 қазанда Шымкентте "Rixos Khadisha Shymkent" қонақүйінде Қазақстанда қазанныӊ соӊғы жексенбісінде аталып өтетін Илеуметтік қорғау саласыныӊ қызметкерлері күнініӊ қарсаӊында "Қазақстанда 2016 жылы жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" атты республикалық көрме өтеді.

Көрме аясында еліміздіӊ 16 аймағыныӊ 32 әлеуметтік жобасы таныстырылады. Олар өӊірлердегі байқаулардыӊ жеӊімпаздары.

Көрме соӊында алғашқы үш орынға ие болған еӊ үздік әлеуметтік жобалардыӊ авторларын марапаттау рәсімі өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры".

Аталған шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентініӊ депутаттары және қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны