15.09.2010, 17:28 4238

Шымкентте Қазақстандағы алғашқы ревматологиялық орталық ашылды

Шымкентте Қазақстандағы алғашқы ревматологиялық орталық ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ревматологиялық орталығының меңгерушісі Шоқан Баймұхамедовқа сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 15 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте Қазақстандағы алғашқы ревматологиялық орталық ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ревматологиялық орталығының меңгерушісі Шоқан Баймұхамедовқа сілтеме жасай отырып.

Ш. Баймұхамедтің хабарлауынша, бұл Қазақстандағы жалғыз ревматологиялық орталық болып табылады. Орталықты құруға ОҚО денсаулық сақтау басқармасы 15 млн теңге бөлген.

"Қазір ревматология бойынша алғашқы мамандандыру жүргізіліп жатыр, 15 жас дәрігер оқып жатыр, олар желтоқсан айында толық қанды маман болып шығады",- деп хабарлады Ш. Баймұхамедов.

Ш. Баймұхамедттің айтуынша, жақын күндері Қазақстанның бірнеше облыстарында да осындай орталықтар ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны